Halyq Uni логотип
×

Астананың Республика даңғылында мас адам сатушыны ұрып, тонап кетті

Күдікті елорданың бұрын сотталған 41 жастағы тұрғыны болып шықты

 Еркеғали Болатұлы 16.10.2022 | 12:37
Астананың Республика даңғылында мас адам сатушыны ұрып, тонап кетті
фото: дереккөз

Астана полицейлері тонау қылмысын ашты. Бұл туралы бүгін Polisia.kz хабарлады.

Күндізгі уақытта 102 пультіне қала тұрғыны хабарласып, өзін біреудің тонап кеткенін жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, ол Республика даңғылындағы аяқ киім дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Сол дүкенде сатушы жігіт бейтаныс адаммен алкогольді ішімдік ішіп, бірге уақыт өткізіп отырғанда әлгі кісі өзімшілдікке салынып, сұрамай-ақ сөредегі заттарды киіп көре бастаған.

Мас ер адам сатушының ескертулеріне мән бермеген. Осылайша олардың арасында жанжал басталған. Сонда да қаскүнем Adidas маркалы спорттық аяқ киім мен былғары сырт киімді алып кетіп қалған. Көшеде күдікті соңынан келген сатушыға күш қолданып, оны соққыға жыққан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол елорданың бұрын сотталған 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Марк Азволинский.

Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама