×

Ирандағы саяси тұтқындар жатқан ең үлкен түрме өртенді

Тұтқындар түрме киімдері бар қойманы өртеп жіберген

 Еркеғали Болатұлы 16.10.2022 | 09:55
фото: ашық дереккөз

Тегеранда саяси тұтқындар мен Үкіметке қарсы белсенділер ұсталған Ирандағы ең ірі Эвин түрмесінен алапат өрт шықты деп хабарлады Deutsche Welle басылымы.

Жергілікті тұрғындар 20 минут ішінде өрт орнынан кемінде 4 жарылыс дыбысын естіген.

Иран билігі өрттің тігін бөлімінде тұтқындар мен түрме қызметкерлері арасындағы кикілжің салдарынан шыққанын мәлімдеді. Сол кезде тұтқындар түрме киімдері бар қойманы өртеп жіберген.

Ал IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт түрме басшылығының жедел әрекетінің арқасында сөндіріліп, тәртіпсіздіктер бақылауға алынған. Өрт салдарынан 8 адам зардап шеккен. Қаза тапқандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20