Қазақстан сарбаздары ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығуына қатысып жатыр

Халық үні

Жаттығудың шешуші кезеңі «Харбмайдон» полигонында 20-21 қазан аралығында өтеді

фото: inform.kz

Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерінің (ЖӘҰК) бөлімшелерімен «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы басталдығ деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстаннан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшесі жұмылдырылды.

Бірінші кезеңде таулы жерлерде заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бірлескен операциясын дайындау жүзеге асырылуда. Екінші кезеңде бөлімшелерді басқару, жауынгерлік топтарды бұғаттау және жою мәселелері пысықталып, мемлекеттік шекарадағы жағдайды қалпына келтіру мақсатында жауынгерлік және арнайы іс-қимылдар жүргізілетін болады.

Жаттығудың шешуші кезеңі «Харбмайдон» полигонында 20-21 қазан аралығында өтеді.