×

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Ердоғанға халықтың атынан көңіл айтты

 Динара Амантай 15.10.2022 | 15:08
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Түркияда шахтада жарылыс болып, 25 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама