Президенттікке екінші кандидат ресми түрде тіркелді – ОСК

Динара Амантай

Үміткерге тиісті куәлік тапсырылды

Фото: Halyq Uni

Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үміткер «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан ұсынылған. Оны қолдау үшін Қазақстанның 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды, оның 120 055 қолы тексерілгеннен кейін дұрыс деп танылды. Айта кетсек, қажетті қолдардың ең аз саны – 118273.

Үміткерге тиісті куәлік тапсырылды

Сонымен, Мейрам Қажыкен президенттікке ресми түрде тіркелген екінші кандидат атанды. Бұған дейін ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеген болатын.