Түркияда шахтада жарылыс болып, 25 адам қаза тапты
Амасра қаласындағы шахтада болған жарылыстан 25 адам мерт болған. Ал 11 адам дәрігерлердің бақылауында.
Түркияның Амасра қаласында шахтада жарылыс болып, 25 адам көз жұмды, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджаның мәліметінше, Амасра қаласындағы шахтада болған жарылыстан 25 адам мерт болған. Ал 11 адам дәрігерлердің бақылауында.
«Өкінішке қарай, Батын провинциясында болған апаттан 25 адам қаза тапты. 11 адам ем қабылдап жатыр. Оның біреуі ауыр халде, 4-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. 6 шахтер ұшақпен Стамбұл қалалық ауруханасының күйік шалған адамдарды емдейтін бөліміне жеткізілді», -делінген министрдің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында.