Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта QR арқылы қол қою могі әзірленіп жатыр, ол ыңғайлы және қауіпсіз
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жақын арада мемлекеттік қызмет көрсететін порталдарда электронды-цифрлық қолтаңба QR-ға ауыстырылатынын мәлімдеді.
Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Қазіргі уақытта QR арқылы қол қою могі әзірленіп жатыр, ол ыңғайлы және қауіпсіз. Оны барлық порталдарға енгізу ғана қалды. Бұл жұмысты жандандыру және NCALayer жүйесінен толық бас тарту бойынша тапсырма бердім, -деп жазды ол.
Министрдің айтуынша, құжат алу механизмі жетілдіріледі.
Кей жағдайларда қызмет алушылар қандай да бір құжаттың дайын болғаны туралы СМС хабарлама алып, ХҚКО-ға келгенде оның әлі жеткізілмегенін біліп жатады. Біз бұл қызметті жетілдіріп жатқанымызды айтқым келеді және жақын уақытта адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайта келмей, қызметтерді электронды түрде, уақытында алатын болады, -дейді Бағдат Мусин.