«Майнкрафт» ойнаған 6 жасар бала психикалық ауруға шалдыққан
Дәрігердің айтуынша, балада ойыннан кейін қорқыныш пайда болған
Алматыда 6 жасар бала "Майнкрафт" ойынының салдарынан психиатриялық ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Бұл туралы балалар психиатры Ольга Александрова айтты. Дәрігердің айтуынша, балада ойыннан кейін қорқыныш пайда болған. Тіпті ас-судан бас тартқан көрінеді.
Психикасы нашарлай бастаған. Қазір баланың жағдайы жақсы, ем қабылдады дейді. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жеткіншектер арасында бұл дерт өршіп тұр. Себебі, балалардың бос уақыты көп. Салдарынан виртуалды өмір мен шынайы өмірді шатастырып алатын көрінеді. Астанадағы психикалық денсаулық орталығына көмек сұрап келгендердің ең жасы-4-те.
«Балалар 4 жастан бастап қаралады. Компьютерлік тәуелділікке қазіргі соңғы уақытта жиі кездеседі. Соңғы кезде онлайн болғандықтан, балалардың тәуелділігі ұлғайып кетті. Ұйқысы бұзылған, агрессия көрсетіп, өзін-өзі ұстай алмайды. Біресе күледі, біресе жылайды, өзін аянышты қылып сезіндіргісі келеді. Алдайды және қайта-қайта сұрай береді», –дейді Астана қалалық психикалық денсаулық орталығының психологы Рамзагүл Ақжол.