Алматыда кісі өлімі бойынша сотталған ер адам тергеу изоляторынан қашып кетті
Полиция оны іздестіріп жатыр
Алматыда кісі өлімі бойынша сотталған 27 жастағы ер адам тергеу изоляторынан қашып кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқиға бүгін болған.
14 қазанда сотталған ер адам тергеу изоляторынан қашып кетті. ҚАЖД және ПД қызметкерлері оны ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша («Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу») сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп жазылған Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті таратқан хабарламада.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.