Әлихан Смайылов шенеуніктің журналистердің сұрағына нақты жауап бере алмағанына өкініш білдірді
Премьер-министр Үкімет мүшелерін журналистермен тығыз байланыста болуға шақырды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырып, назарға алуды сұрады.
«Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада орынбасарыңыздың қатысуымен брифинг өтті. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударуыңызды сұраймын», - деді Үкімет отырысында.
Әлихан Смайылов мұндай жағдайлар Үкімет жұмысына кері әсерін беретінін айтып, Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырды. Одан бөлек, қоғамға ашық болуды, әрбір шешімді дұрыс түсіндіру, қоғаммен ақылдаса отырып қабылдау – Үкіметтің негізі міндеті екеніне тоқталды.
Еске салайық, жуырда Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев жараланғандарды ауруханадан ұстап әкету бойынша министрлік ұстанымын түсіндіре алмады.