Halyq Uni логотип
×

Ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайды

2020 елдегі ақылы жолдардан 5,7 млрд теңге қаржы түскен

 Ербол Тұрымбет 24.11.2021 | 17:21
Ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайды
Шымкент-Тараз учаскесіндегі тоннель

«ҚазАвтоЖол» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Маратұлы 2020 елдегі ақылы жолдардан 5,7 млрд теңге қаржы түскенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымына немесе жалпы желінің 45 пайызына ақы алу жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Қазір жалпы ұзындығы 1479 шақырым болатын 1 техникалық санаттағы учаскелерде ақы алу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биыл 23 қарашадан бастап республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде («Нұр–Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау») жүру үшін ақы алудың ашық жүйесі жұмыс істеп тұр.

«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайтынын мәлімдеді.

Апаттық учаскелерді кесіп өту және пайдалану үшін ақы алынбайды. Атап айтқанда, тоннель құрылысы жүргізіліп жатқан Тараз-Шымкент учаскелерінде (ұзындығы 39 шақырым, 593-532) және Нұр-Сұлтан-Павлодар учаскесінде (ұзындығы 24 шақырым, 235-259) ақы алу көзделмеген, - деді Асқар Маратұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама