Екінші орын қырғыз елінің спортшысы Эмиль Молдодосовқа бұйырды
Бахрейнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Асылжан Бектай осы айтулы додада Қазақстанға екінші алтын әперді.
Отандасымыз 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, Асылжанның нәтижесі – 362 (165+197) кг.
Екінші орын қырғыз елінің спортшысы Эмиль Молдодосовқа бұйырды. Оның нәтижесі – 361 (166+195) кг, үшінші орынды ирандық Масуд Шатраея иеленді: 358 (162+196) кг.
Алдында Қазақстан ауыр атлеті Зульфия Чиншанло Бахрейн астанасы - Манамада 220 (95+125) келіні көтеріп, алтын медаль еншілегені хабарланған болатын.