Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Екінші орын қырғыз елінің спортшысы Эмиль Молдодосовқа бұйырды

 Халық үні 13.10.2022 | 21:53
Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: kazsports.kz

Бахрейнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Асылжан Бектай осы айтулы додада Қазақстанға екінші алтын әперді. 

Отандасымыз 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, Асылжанның нәтижесі – 362 (165+197) кг.

Екінші орын қырғыз елінің спортшысы Эмиль Молдодосовқа бұйырды. Оның нәтижесі – 361 (166+195) кг, үшінші орынды ирандық Масуд Шатраея иеленді: 358 (162+196) кг.

Алдында Қазақстан ауыр атлеті Зульфия Чиншанло Бахрейн астанасы - Манамада 220 (95+125) келіні көтеріп, алтын медаль еншілегені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама