×

«Киіктердің аузы көпіріп, өліп жатыр»: Министрлік мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Оқиға Жәнібек ауданында болған

 Халық үні 13.10.2022 | 20:24
фото: әлеуметтік желіден

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Желіде тараған видеодан 3-4 киіктің өлгенін байқауға болады. Ондағы ер адам киіктердің аузы көпіріп, өліп жатқаны айтады.

БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бұл жағдайға қатысты түсінік берді.

Биыл 13 қазанда «Охотзоопром» ӨБ» БАФ-тың инспекторларымен Жәнібек ауданы Тау ауылдық округіне қарасты Қоңырат мекенінен 2 аталық киік, Жігер мекенінен 3 киік (2 аталық, 1 аналық киік) өлі табылды. Оқиға орнына Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті полиция қызметкері, ветеринария мамандары барған. Мамандар сараптама жүргізу үшін өлген жануарлардың ішкі құрылысынан сынама алып, оларда мал моласында өртеді, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама