Фин кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниетті
Кездесуде бірқатар меморандумға қол қойылды
Финляндия астанасы Хельсинкиде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин үкіметаралық комиссиясының 12-отырысы аясында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жиынға Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуға жәрдемдесу министрі В. Скиннари, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, АХҚО басшылары, KTZ Express АҚ бас директоры А. Қылышбеков пен фин кәсіпкерлері қатысты.
Форум аясында министр EastCham Finland, ABB Finland, Tikkurila, Teknos сынды ірі фин компанияларының басшыларымен G2B форматында екіжақты кездесу өткізді.
Сондай-ақ «Жасыл Даму» АҚ мен KaukoInternational, Hlad фин компаниялары арасында жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Дөңгелек үстелде фин кәсіпкерлері көлік, логистика, цифрландыру, өнім экспорты және экономиканың басқа да секторларындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне арттыруға ниетті екенін білдірді.