×

Архимед 30%: Қостанай облысының әкімі журналистің сұрағына жауап беруден бас тартты

Архимед Мұхамбетов 2015 жылдан бері Қостанай облысын басқарып келеді

 Халық үні 13.10.2022 | 15:46
Архимед Мұхамбетов, фото: yandex.kz

YouTube желісіндегі «ОБОЖАЮ» арнасының журналисі Асхат Ниязов Қазақстандағы мегаполис, облыс, аудан әкімдеріне тосыннан сұрақ қойып, еркін форматта сұқбат алуын жалғастырып келеді.

Бұл жолы журналист Қостанай облысына ат басын бұрып, өңір басшысы Архимед Мұхамбетовке бірнеше сұрақ қойып, жауап алды. Мәселен, облыс басшысынан асфальт зауыты, қаланың инфрақұрылымы, облысты екіге бөлу (Қостанай, Торғай), 7 жыл бойы бір облысты басқаруы, қызметінен қашан кететіні жайлы сұрады. Одан бөлек, Қостанай облысының әкімін ел арасында «Архимед 30%» деп атайтынын меңзеп, шенеуніктен бұл туралы не ойлайтыны жайлы сұрақ болды. Алайда, Архимед Мұхамбетов бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып 2015 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалды. 2011-2015 жылдары Ақтөбе облысының әкімі лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама