Жергілікті полиция күдіктіге қатысты тергеуді бастады
АҚШ-та қазақстандық қыз белгісіз жағдайда көз жұмды. Бұл ақпаратты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.
FOX 9 арнасының мәліметінше, 16 ақпанда кешке Сент-Полдың Пейн Фален ауданындағы пиццерия маңында тұрған көліктен оқ жарақаты бар әйел табылған. Ол ауруханаға жеткізілген, бірақ көп ұзамай қайтыс болған.
Ведомстводағылардың хабарлауынша, қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынып, полиция тергеуді бастаған. Ал, Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста.
Сот-медициналық сараптама әйел Сент-Пол тұрғыны, 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтаған. Юлия Лидің өлімі туралы ақпарат қарулы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған ұлттық мемориал сайтында да жарияланған.