×

Алматы әкімі Төле би көшесінде LRT желісі салынатынын айтты

Бұған дейін 2027 жылы жеңіл рельсті көліктің бірінші желісі іске қосылатыны айтылды

 Халық үні 13.10.2022 | 13:52
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде қалада LRT желісінің салынатынын айтты. Кездесуде тұрғындардың бірі шаһар басшысынан Төле би көшесіндегі трамвай рельстері әлі толық алынбағанын айтып, Алматыда LRT желілерін салу мәселесі әлі де өзекті ме деген сұрақ қойды.

Ерболат Досаев заман талабына сай жаңа қоғамдық көліктің «Саяхат» вокзалынан Ақсайға дейін созылуы мүмкін екенін айтты. Әкімнің айтуынша, қазір жер учаскелерін сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.

«Біз қаланың даму жоспарына енгізген жаңа жоба – бұл трамвай түріндегі төмен қабатты LRT. Келесі жылдың көктемінде біз жобаның құнын түпкілікті шешеміз. Төле би көшесінде LRT болады. Қала үшін «Саяхат» автовокзалынан желілерді жалғап, Ақсайға дейін созу өте маңызды. Қазір жұмыс жалғасуда, жер учаскелерін сатып алу жүріп жатыр», - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама