Halyq Uni логотип
×

Президенттікке ұсынылғандардың бірі тумысынан Қазақстан азаматы емес - ОСК

Талғат Ерғалиев пен Фатима Бизақова үміткерлер тізімінен шығып қалды

 Халық үні 13.10.2022 | 12:04
Президенттікке ұсынылғандардың бірі тумысынан Қазақстан азаматы емес - ОСК
Хайрулла Ғабжалилов, фото: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Хайрулла Ғабжалиловтың талаптарға сәйкес келмейтінін анықтады. Оған кандидаттың мемлекеттік қызмет өтілінің болмауы себеп болған. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Хайрулла Ғабжалилов тумысынан ҚР азаматы емес және соңғы 24 жылдан бері Қазақстанда тұрады (ІІМ деректеріне сәйкес).

Хайрулла Ғабжалилов – ұлттық валюта (теңге) авторларының бірі.

Одан бөлек, кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде «Қазақстан құрылысшылар одағынан» ұсынылған Талғат Ерғалиевтің де өтініші мақұлданған жоқ. Оның мемлекеттік қызметтегі өтілі – 3,5 жыл (кемі 5 жыл болуы керек).

Сондай-ақ «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке ұсынылған Фатима Бизақова үміткерлер тізімінен шығып қалды. Оның да мемлекеттік қызметтегі өтілі талаптағыдай емес.

Еске салайық, ОСК президенттік ұсынылған кандидаттар туралы деректерді тексеру үшін Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Әділет министрлігі және ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен ақпарат сұратады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама