Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 102 шетел азаматы жазаланды

Сот 14 адамды елден шығару туралы шара қабылдады

 Динара Амантай 13.10.2022 | 11:22
Павлодар облысында 102 шетел азаматы жазаланды
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында елде болу ережелерін бұзған 102 шетелдік анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында 10 қазаннан бастап Павлодар облысының аумағында «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шараны өткізу барысында полицейлер 153 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 102 шетелдік елде болу ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.

Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдіктерді жұмысқа тартқаны үшін 9 жұмыс беруші жазаланды. Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз ұсталған екі шетелдік қабылдау-орналастыру орнына орналастырылды. Елде 71 шетелдік азаматтың болу мерзімі қысқартылды. Сот 14 шетелдікті елден шығару туралы шаралар қабылдады, – деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Мәселен, 10 қазанда Павлодар қаласының Баян батыр көшесінде салынып жатқан үйде көші-қон қызметі құрылысшы ретінде еңбек еткен Өзбекстан Республикасының 6 азаматын тиісті рұқсат қағазынсыз ұстады. Аталған шетелдіктер ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлімі бойынша, ал жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама