Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі су үстіндегі өткелге Украина шабуыл жасады деп есептейді
Ресей Қырым көпірінде болған жарылысқа байланысты 8 адамның тұтқындалғанын мәлімдеді. Ұсталғандардың бесеуі – ресейліктер, екеуі – украиналықтар, біреуі – Армениядан, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі су үстіндегі өткелге Украина шабуыл жасады деп есептейді. Алайда, Киев бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермей отыр.
Айта кетсек, Қырым көпірінде қазанның 8-інде жүк машинасы жарылғанда автомобиль жолының екі бөлігі опырылып түсіп, теміржол зақымданып, жеті цистерна отқа оранып, үш адам қаза тапты.