Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында салмағы 70 келіге жеткен 5 жасар баланың қандай ауруға шалдыққаны белгісіз

 Халық үні 13.10.2022 | 00:50
Алматы облысында салмағы 70 келіге жеткен 5 жасар баланың қандай ауруға шалдыққаны белгісіз
фото: almaty.tv

5 жасқа жаңа аяқ басқан Нұрәлі Қасымның салмағы 70 келіге жеткен. Баланың мұндай хәлге түсуіне не себеп болғаны да анықталмай отыр. «Киер киімін табудың өзі мұң болды» деген ана көптен көмек сұрайды, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.

«Күн санап 5-6 килограммнан қосып жатыр. Бұл баланы не істейтінімізді білмеймін», – деді Нұрәлінің анасы Нағима Тұрәлиева.

Шарасыз ананың 5 жылдан бері Нұрәлімен бармаған жері, қаралмаған мекемесі қалмаған. Бірақ диагнозды анықтауға медицинаның да қауқары жетпеген.

5-6 айында дәрігерге қабылдауға барған кезде артық салмағын білдік. Содан бері әлі де қаратып жатырмыз, әлі ондай нақты бір диагноз шыққан жоқ, – деді Нұрәлінің анасы.

Нақты диагноздың жоқтығынан мүгедектік те тағайындалмаған. Қазір дәрігерлер бала денсаулығын одан әрі қиындатып алмау үшін ғана күреседі. Аудандық аурухананың мүмкіндігі шектеулі. Ал өзге мемлекетке баруға баланың денсаулығы шыдамайды, мамандар Нұрәлінің жүрегі де осал екенін айтқан.

«Семіздіктің екінші дәрежесі. Прадера вилли синдромы. Ол –  өте сирек кездесетін, көп зерттелмеген ауру. Сондықтан, енді шамамыздың келгенінше аудандық деңгейде көмекті көрсетіп жатырмыз», – деді  Райымбек аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Төлебай Айнабеков.

Мектеп жасына жақындаған бала қазір апта сайын ем қабылдайды. «Басқасын былай қойғанда, өлшемі келетін киім табудың өзі қиындап кетті» дейді анасы. Ал соңғы айларда Нұрәлінің дем жетпей, тынысының тарылуы да жиілеген.

Дәрігерлер Нұрәлиге күніне 2-3 сағат жаяу жүру керек дейді. Бірақ бала шаршайды, аяғы ауырады. Анасы алдарқатып, ойын ойнап қана қимылдатамын деп отыр.

Отбасында отағасы ғана табыс табады. Бар тапқаны баланың дәрі-дәрмек, керек-жарағына, ауданға барып ем қабылдауына кетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама