Сенатор Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады
Ақылбек Күрішбаев өкілеттігін тоқтатуға өзі өтініш берген
Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі тоқтатылатынын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, комиссия Конституцияның 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес қаулы шығарған.
«Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. Парламент Сенатының депутаты А.Күрішбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Парламент Сенатына енгізілсін», - делінген құжатта.