Ол 40 км қашықтықта және 20 км биіктікте нысананы дәл көздей алады
Германия Украинаға бірінші Iris-T әуе қорғаныс жүйесін берді.
«Der Spiegel» басылымның хабарлауынша, әскери жабдықты тапсыру Польша-Украина шекарасына жақын жерде өтті.
Журналдың мәліметіне қарағанда, Германия бұл қондырғыны қараша айында беруі керек болатын. ГФР-ның өзі әуе қорғаныс жүйесін әлі пайдаланбаған.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, Украина 2023 жылы тағы үш Iris-T қондырғысын алады.
«Der Spiegel» атап көрсеткендей, Iris-T 40 км қашықтықта және 20 км биіктікте нысананы дәл көздей алады.