Жетісу облысында ат сүйреген 6 жасар бала ауруханада қайтыс болды
2016 жылы туған бала мектептің дайындық сыныбында оқыған
11 қазанда Жетісу облысының Жерұйық ауылында алты жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Панфилов ауданы білім бөлімінің хабарлауынша, баланы ат сүйреген.
2006 жылы туған бала «Нағарашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дайындық сыныбында оқыған.
«Оқушыны Жерұйық ауылының қасындағы егістік жерде сағат 15:00 шамасында ат сүйреген. Ол бірден орталық ауруханаға жеткізілген. Кешкі сағат 22:00 шамасында қайтыс болғаны хабарланды», - делінген ақпаратта.
Баланың әкесі ауыл тұрғындарының малын бағады, анасы – жұмыссыз. Қайтыс болған бала үйінің екінші баласы болған.
Қазір аудан полициясы қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.