Halyq Uni логотип
×

Әуесқой велошабандоз Торғайдан Түркияға жетті

Ол еліміздің төрт облысы мен Әзербайжан және Грузияның аумағынан өтіп, Анадолы еліне табан тіреді

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 14:29
Әуесқой велошабандоз Торғайдан Түркияға жетті
фото: Ернат Мелсұлының Facebook-тегі парақшасынан алынды

5 қыркүйекте белгілі журналист әрі аудармашы, бірнеше кітаптың авторы Ернат Мелсұлы велосипедпен 5555 шақырым ұзақтықты қамтитын 55 күндік марафонды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап, Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы Сартүбек елді мекенінің сары топырағынан қуат алып, ұлы тұлғаның басына тағзым етіп, Түркияға аттанған болатын. Енді міне, ол бүгін Түркияға табан тіреді.

Ол еліміздің төрт облысы (Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау), Әзербайжан мен Грузияның аумағынан өтіп, Анадолы жеріне келіп жетті.

Түркияның шекарасына еш бөгетсіз өттім. Шекарасына өткен бетте бойымды бірден эйфория кернеді, кәдімгідей көңілім көтеріліп, ыңылдап ән айтып кеттім.

Құдды бір өз жеріме келгендей болдым. Бауыр, туыс, түрік, мұсылман ел екенін жан-жүрегіммен сезіндім. Гүржістанмен салыстырғанда адамдары жылы шырайлы, мейірбан, жанашыр, бауырмал болып көрінді. Гүржістанда туризм жақсы дамыған, ал Түркияда өте супер жақсы дамыған.

«Қазақпын, мұсылманмын» десең, қолын ала жүгіреді, суретке де ықыластана түседі, –  деді ол.

5 қыркүйекте - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Алаш арысының кіндік қаны тамған Ақкөлден басталған марафон Түркияның Ыстамбұл қаласындағы қазақтар көп шоғырланған Гюнешлі ауданындағы Мұстафа Өзтүріктің зиратына барып, құран бағыштаумен аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама