Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді

Олар электр қуатының құнын жеңілдету үшін «Алатау Жарық Компаниясы» қызметкерлеріне пара беріп келген 

 Қымбат Елтайқызы 21.02.2022 | 15:05
Алматы облысында мемлекетке 131 млн теңге залал келтірген майнинг фермасы әшкереленді
коллаж: Halyq Uni

Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан ірі майнинг фермасы әшкереленді. Олар шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы тоқыма өндіру зауыты болған «Қарғалы» АҚ аумағында заңсыз әрекет ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар майнинг фермасын тоқыма өндірісі атынан тұтынылатын электр қуатының құнын жеңілдетілген тариф бойынша төлеген.

Тінту кезінде мамандар құны 1 млрд теңге асатын криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2800 бірліктен астам жабдық тәркіленді.

Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келтірілген.

Сонымен қатар, «майнинг» фермасын ұйымдастырушылар «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен Жамбыл ауданының ЭТА-нің қызметкерлеріне 50 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейінгі сомада пара беріп отырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігібаспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай әзірге жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама