Ауылда белгісіз жыртқыш 30-ға жуық қойды қырып кеткен

Еркеғали Болатұлы

Олдарды ветеринария бөлімі мал қорығына алып кетті

фото: ашық дереккөз

Атырау облысының Индер ауданындағы Елтай ауылында екі түнде белгісіз жыртқыш 30-ға жуық қойды қырып кеткен.

Тұрғындар ұсақ малға ненің қырғидай тиіп жүргенін білмейді. Бірі бұл құтырған иттің ісі десе, енді бірі жыртқыш аңнан болуы мүмкін деп болжап отыр. Бірақ қораны қызыл қанға бояған жыртқышты ешкім ұстай алар емес.

«Кезекшілік ұйымдастырылып, еріктілермен ауыл айналасында үркіту жұмыстары жүргізілді. Қазір басылды ғой. Қаңғыбас ит жоқ. Бізде көбі асыранды иттер. Кейде босап кетеді, кешкілік бос жүреді. Малдарды ветеринария бөлімі мал қорығына алып кетті. Әзірге олардың тарапынан сараптама жасау жұмыстары жүргізілген жоқ», - деді ауыл әкімі Олжас Хасанов.