Halyq Uni логотип
×

Елтаңба бейнеленген жәшік дәретханаға қойылған: мектеп директорына сөгіс жарияланды

Мектеп Түркістан облысындағы аудандардың бірінде орналасқан

Елтаңба бейнеленген жәшік дәретханаға қойылған: мектеп директорына сөгіс жарияланды
Фото: Egov.press

Түркістан облысындағы орта мектептердің бірінде Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген жәшікті дәретханаға қойған.

Мектептің Төле би ауданында орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының хабарлауынша, мектептің директорына «сөгіс» түрінде тәртіптік шара қолданылды.

«Төле би ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мектеп әжетханасындағы мемлекеттік елтаңба белгісі бар сайлау жәшігіне қатысты зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кемшілікке жол бергені үшін жалпы орта білім беретін мектебінің директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды», - деп хабарлады облыстық басқарма.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 372-бабына («мемлекеттік рәміздерді қорлау») сәйкес мемлекеттік рәміздерді қорлау әрекеті үшін 2000 АЕК (6 126 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Немесе түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған. Тіпті екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама