Halyq Uni логотип
×

Еліміздің үш өңірінде нанның бағасы 400 теңгеден асады

Нанның қымбаттауына электр энергиясы мен коммуналдық қызмет құнының өсуі себеп болған

 Халық үні 11.10.2022 | 23:44
Еліміздің үш өңірінде нанның бағасы 400 теңгеден асады
фото: ашық дереккөзден

Үш өңірде нанның бағасы 400 теңгеден асады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Министр қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін іс атқарылып жатқанын айтты. Сонымен қатар бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ деп отыр.

Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинау жоспарланған. Оның 900 мың тоннасы – бидай.

Статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 275 теңгеге сатылған жоғары сортты бидай ұнынан пісірілген нан өткен айда 341 теңгеге дейін қымбаттаған. Әсіресе Көкшетеу, Қарағанды мен Шымкентте құны 400 теңгеден асады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама