Halyq Uni логотип
×

Қытай күнді бақылайтын обсерваторияны орбитаға шығарды

Ол 4 жыл жұмыс істеп, күн сайын шамамен 500 гигабайт мәлімет жинап, оны Жерге жібереді

 Дастан Жұмабекұлы 11.10.2022 | 17:24
Қытай күнді бақылайтын обсерваторияны орбитаға шығарды
фото: ашық дереккөз

Қытай ғарышқа негізделген күн обсерваториясын (ASO-S) орбитаға шығарды.

Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясының (CASC) хабарлауынша, ұшыру Цзюцюань ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 07.43-те Long March-2D зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған.

Салмағы 888 кг болатын ASO-S аппараты күнді 720 км синхронды орбитада оның магниттік өрісі мен тәждің массалық лақтырылуын қоса зерттейді. Сондай-ақ Жердегі жабдықтың жұмысына әсер етуі мүмкін энергия шығарындыларының алдын алады.

Обсерватория шамамен 2030 жылға дейін созылатын күн белсенділігінің 25-циклі аясындағы ең қуатты екі күн алауы туралы мәліметтер жинайды. Сонымен қатар күн құбылыстарының себептерін іздейді және олардың өзара байланысының ерекшеліктерін зерттейді.

Ғалымдардың жоспары бойынша құрылғы орбитада кем дегенде 4 жыл жұмыс істеп, күн сайын шамамен 500 гигабайт мәлімет жинап, оны Жерге жібереді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама