Halyq Uni логотип
×

Самарқандта 2300 жылдық көне әскери бекініс табылды

Тарихи нысан біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларда салынған

 Дастан Жұмабекұлы 11.10.2022 | 16:44
Самарқандта 2300 жылдық көне әскери бекініс табылды
фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Самарқанд облысында б.з.б. III-II ғасырларға жататын әскери бекініс табылды.

Облыс әкімшілігінің хабарлауынша, Паст Даргом ауданына қарасты «Дослық» шағын ауданында орналасқан «Қойтепа» төбешік орнынан біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларға жататын әскери бекініс болған орын анықталды.

Қазір ол жерде итальяндық және өзбекстандық археологтар ғылыми экспедиция жүргізіп жатыр. Ғалымдар ғылыми зерттеу барысында қала қабырғалары, үлкен құмыра, көзе, шағын мүсінше, мөр сияқты бірегей заттар тапқан. Зерттеушілердің айтуынша, бұл тарихи нысан сыртқы жаулардан қорғайтын әскери бекініс болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама