Кітаптың соңында хижра күнтізбесі бойынша 1027 жылдың (1618 жыл) датасы жазылған
Тәжікстанда қолбасшы Әмір Темірдің өмірі мен қызметі туралы жазылған көне қолжазба табылды.
Осы елдің Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, кітаптың соңында қолжазбаның жазылу уақыты хижра күнтізбесі бойынша 1027 жылдың датасы жазылған. Бұл кезең 1618 жылдың маусым-шілде айларына сәйкес келеді.
Әзірше қолжазба авторының кім екені белгісіз. Душанбеден табылған көне қолжазбаның көшірмесін Өзбекстанға әкеліп, белгілі тарихшы, деректанушы ғалымдардың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.