×

Флойд Мейвезер Макгрегорды 1,5 млрд долларлық реваншқа шақырды

Жекпе-жектің біріншісі бокс, екіншісі ММА ережелері бойынша болады

 Дастан Жұмабекұлы 11.10.2022 | 15:39
фото: bbc.com

Кіші Флойд Мейвезер Конор Макгрегормен 1,5 млрд долларға екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Telegram-дағы «Ударные новости» арнасы мен Instagram-дағы espn_ufc парақшасының хабарлауынша, қарымта жекпе-жек екі кезеңнен тұрады. Біріншісі бокс ережелері бойынша, содан кейін ММА ережелері бойынша жекпе-жек болады.

Жекпе-жектер Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланып отыр. Екі айқастың нәтижелері Кіші Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегордың рекордына енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама