×

«Асыға күткен матч»: Қазақстан мен Өзбекстан жолдастық кездесу өткізеді

Одан кейін ұлттық құрама Біріккен Араб Әмірліктері командасымен ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 11.10.2022 | 10:37
фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Матч 16 қараша күні Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өтеді.

Өзбекстан құрамасын ЕURO 2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Өзбекстанда мықты футболшылар көп. Сол себепті осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу турнирінде үміт артатын ойыншылардың дайындығын бір тексеріп аламын. Өте қызықты және тартысты ойын болады. Бұл –  біз асыға күткен матч, – деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев.

Бұған дейін екі елдің құрамалары алты рет кездесіп, Өзбекстан екі рет, Қазақстан бір рет жеңіске жеткен болатын. Үш ойын тең есеппен аяқталды.

ФИФА рейтингінде Өзбекстан құрамасы 77-орында тұр. Қазақстан 113-орында.

Осыдан кейін ұлттық құрама 19 қараша күні тағы да сырт алаңда Біріккен Араб Әмірліктері командасымен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама