Жұматай Әлиев президент сайлауына 2019 жылы кандидат ретінде тіркелген
Кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жұматай Әлиев құжаттарын тапсырды.
Сонымен үміткер мына құжаттрды тапсырды:
1. «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.
Айта кетейік, Жұматай Әлиев президент сайлауына 2019 жылы қатысуға өтініш бергенімен, сол кезде мемлекеттік тілден емиханнан сүрінген. Яғни, сайлауға қатыса алмаған.
70 жастағы үміткер Жамбыл облысының тумасы. 2012-2016 жылдары Мәжіліс депутаты болған.
2005-2008 жылдары Президент әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болған.