Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел аумағындағы қазақстандықтарға үндеу жасады
Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін Ресей Украина аумағын зымырандармен атқылауға кірісті.
Осы жағдайға байланысты Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы сигналдарына мұқият мән беруге және баспаналарда мен бомба баспаналарында болуға шақырады, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Киев қаласының орталығында бірнеше жарылыс болды.Бұдан басқа Ровен, Винница, Николаев, Львов, Хмельницкий, Черкасск, Тернополь, Житомир, Днепропетровск, Полтава, Ивано-Франк, Волынь, Черновиц, Кировоград, Запорожье, Одесса, Сум облыстарына бомба түскен.
Жергілікті БАҚ бомбалаудың үшінші толқыны басталғанын хабарлап жатыр. Украина президенті Владмимир Зеленский халыққа үндеу жолдады. Ол халықты бомбапаналарға жасырыну керектігін айтты. Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко 5 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, Киевте 12 адамның жараланғанын хабарлады. Украинаның Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың айтуынша, бүгін таңертеңнен бері Украинаға 75 бомба түскен.