Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен 7 жасар қызын пышақтап тастады

Күдікті екі айға қамауға алынды

 Халық үні 10.10.2022 | 19:28
Ақтөбе облысында мектеп директоры әйелі мен 7 жасар қызын пышақтап тастады
Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры баласы мен әйелін пышақтап тастады. Қазіргі кезде қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Жаңақоныс ауылдық округінің орталығы Аққайтым ауылында болған. Аққайтым орта мектебінің директоры әйелі мен баласын пышақтап тастаған.

«Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни, адам өлтіруге оқталу бойынша іс қозғалып тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі айға қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Науқастардың халін Шалқар аудандық ауруханасынан сұрап білдік.

«Анасы мен баласы бізге түсті. 7 жасар қызының құлақ тұсы, ал әйелінің бұғанасының үстінде кесілген жара болды. Жарақаттарын тігіп, таңып бердік. Олар ауруханада ем қабылдаудан бас тартты. Сондықтан амбулаторлық бақылауға жібердік», - деді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Еркебұлан Еркінұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама