Halyq Uni логотип
×

Болат Назарбаев өзін айыптаған кәсіпкерден 500 мың теңге өндіріп алды

Әуезов аудандық соты Болат Назарбаевтың табалын ішінара қанағаттандырды

 Халық үні 10.10.2022 | 16:36
Болат Назарбаев өзін айыптаған кәсіпкерден 500 мың теңге өндіріп алды
Болат Назарбаев, фото: ашық дереккөзден

«Алматы Стекло» ЖШС құрылтайшысы Әзім Абдуллаев Болат Назарбаевты «шыны зауытын рейдерлік жолмен басып алды» деп айыптап, экономикалық сотқа талап арыз бергеннен кейін ҚР тұңғыш президентінің інісі ар-намысы мен абыройын қорғау үшін N2 Әуезов аудандық сотына жүгінген.

Әуезов ауданының соты Болат Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабын қанағаттандырып, ол өзіне жала жапқан кәсіпкерден жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Болат Назарбаевтың өкілі YouTube желісінде, сондай-ақ кейбір БАҚ-та Әзім Абдуллаев талапкердің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқанын айтты. Экс-президенттің бауыры 1,5 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өтеуді талап еткен. Сот талапты ішінара қанағаттандырды. Бірақ, Болат Назарбаев 1,5 миллион теңгенің орнына 500 мың теңге өндіріп алды.

Еске салайық, биыл шілде айында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі – Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімет тарады. Болат Назарбаевтың сөйлей алмайтыны және өзі қозғала алмай қалғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама