РФ-ның елшісі Олег Васнецов түсініктеме беруге шақырылды
Молдоваға Ресейдің үш зымынары құлады. Зымырандар Ресей Қара теңізден Украинаны бомбалап жатқанда құлап түсті.
Молдованың Сыртқы істер министрлігі РФ-ның елшісі Олег Васнецовты түсініктеме беруге шақырды.
Ресей Украинаның қалаларын бомбаның астына алды. РФ Украинаның Киев, Ровен, Винница, Николаев, Львов, Хмельницкий, Черкасск, Тернополь, Житомир, Днепропетровск, Полтава, Ивано-Франк, Волынь, Черновиц, Кировоград, Запорожье, Одесса, Сум облыстарын бомбалаған.
Киев қаласының орталығында бірнеше жарылыс болды.
Украинаның Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың айтуынша, бүгін таңертеңнен бері Украинаға 75 бомба түскен.