Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұл жағдайдың заңға қайшы еместігін айтты
Жетісу облысына қарасты Көксу ауданында әкесі мен ұлы басшылық қызмет атқарады.
Әлдибек Досымбеков – Жетісу облысы Көксу ауданы мәслихатының хатшысы, ал оның ұлы Ұлан Досымбеков – Көксу ауданы әкімінің орынбасары.
Осыған байланысты Halyq Uni тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен мұның қаншалықты заңға сай екенін нақтылады.
Ешқандай заңға қайшылық жоқ. Бірі – жергілікті атқарушы орган, екіншісі – өкілетті орган. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарына да қайшы келмейді. Себебі екеуі екі бөлек мекемеде жұмыс істейді. Заң бойынша ешқандай шектеу жоқ. Қарама-қайшылық, мүдделер қақтығысы жоқ, – деп жауап берді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ агенттік сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір нақты ақпарат болса, агенттікке ресми сауал жолдауға болатынын айтты.
Мәслихат – тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган.
Әкімдік – тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті атқарушы орган.