Серік Тұрдалиев қызметінен босатылып, орнына Әлібек Жақанбаев тағайындалды
Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына Әлібек Жақанбаев тағайындалды.
Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады.
Әр жылдары Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.
Ал, бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған Серік Тұрдалиев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды.