Киевте бес бейбіт тұрғынның қаза тауып, 12 адамның жараланғаны хабарланды
Ресей Украинаның қалаларын бомбаның астына алды. Бұл – Қырым көпіріне жауап болса керек. Украина ПВО-сы зымырандардың жартысын қағып түсіруде. Алайда ПВО саны аз. Киев, Ровен, Винница, Николаев, Львов, Хмельницкий, Черкасск, Тернополь, Житомир, Днепропетровск, Полтава, Ивано-Франк, Волынь, Черновиц, Кировоград, Запорожье, Одесса, Сум облыстарына бомба түскен.
Киев қаласының орталығында бірнеше жарылыс болды.
Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, Шевченко және Соломенский аудандарын зымыранмен атқылаған.
Жергілікті БАҚ бомбалаудың үшінші толқыны басталғанын хабарлап жатыр. Украина президенті Владмимир Зеленский халыққа үндеу жолдады. Ол халықты бомбапаналарға жасырыну керектігін айтты. Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко 5 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, Киевте 12 адамның жараланғанын хабарлады. Украинаның Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың айтуынша, бүгін таңертеңнен бері Украинаға 75 бомба түскен.
Харьков қаласында зымырандардың бірі энергетикалық инфрақұрылымның нысанына тиген. Қазір Харьковтің кейбір аудандарында су мен жарық өшкен. Львов қаласының басшылығы да энергетикалық инфрақұрылым нысандарының зақымданғанын айтты. ТЭЦ жұмысы тоқтаған. Бомбалаудың кесірінен елде интернеттің жұмысы нашарлады. Хмельницкий, Львов, Полтава, Харьков пен Житомир облыстарында интернет өшкен.
Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей Украинаға қарсы 40 «Калибр» бағыттаған. Қырым жағалауында 11 кеме маневр жасап жүр.