Ертең президентікке кандидаттарды ұсыну аяқталады
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді
20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Кандидаттарды ұсыну науқаны 11 қазан, кешкі сағат 6-ға дейін созылады. Оларды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Ал әрбір үміткер 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.
Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандар:
- Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;
- Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;
- Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы бірлестігі атынан;
- Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан;
- Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.
Ал, президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатыр.