Halyq Uni логотип
×

«Байлар Қазақстанда емделмейді». Депутаттың сөзі министрге ұнамай қалды

Депутаттың пікірінше, ауыл тұрғындары тиісті медициналық көмекті ала алмай отыр

 Дәурен Ерболат 10.10.2022 | 13:05
«Байлар Қазақстанда емделмейді». Депутаттың сөзі министрге ұнамай қалды
фото: ОКҚ, parlam.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Елнұр Бейсенбаевтың Қазақстан медицинасы туралы пікірі Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа ұнамай қалды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан халқының 50%-ы ауылда тұрады. Олардың мәселесін шеше алмай келе жатырмыз. Бұл – ауыл тұрғындарың жанайқайы. Қазақстанда байлар емделмейді, кедейлерді өзіміз емдей алмаймыз. Әкімдіктердің жұмысына баға беріңізші, - деді депутат министрге.

Ажар Ғиният әкімдіктердің жұмысына баға бере алмайтынын, ондай құзыреті жоқ екенін атап өтті.

Сізді құрметтеймін, бірақ пікіріңізбен келісе алмаймын. Медицина халықты емдемейді деп сенімсіздік танытып отырсыз. Осында отырғандардың басым бөлігі дәрігерлерге барып, ем алып жүргенін білемін. Сондықтан халықтың атынан бұлай айтудың керегі жоқ сияқты, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол депутатқа статистикалық деректерге көңіл аударуға кеңес берді.

«Мысалы, жарты жылда адамдар емханаға 550 млн рет барыпты. Бір тәулікте 22 мың адам жедел жәрдем қызметін шақырған. Бір тәулікте 3,5 мың операция жасалады, 3 мыңнан аса әйел босанады. Осының бәрін медицина қызметкерлері істейді. Сондықтан мен сіздің берген бағаңызға келісе алмаймын. Биыл өткен жылмен салыстырғанда өлім-жітім 55,6%-ға төмендеді. Коронавирус халыққа қаншама қасірет алып келді, қаншама медицина қызметкері қиындыққа тап болды. Әкімдіктердің қызметіне сіздер баға бере аласыздар. Сіздер – халықтың құлысыздар», - деп түйіндеді сөзін министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама