×

Биыл Байқоңырда алғаш рет ең ауыр «Протон-М» зымыраны ұшырылады

Ол Angost-2 телекоммуникациялық спутнигін орбитаға шығарады

 Дастан Жұмабекұлы 10.10.2022 | 10:47
фото: roscosmos.ru

Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон-М» зымыранын ұшыруға байланысты соңғы жұмыстар аяқталды.

Бұл туралы «Роскосмос» корпорациясы хабарлады.

Ол Ресейдің «Роскосмос» корпорациясы құрастырған Анголаның Angost-2 телекоммуникациялық спутнигін орбитаға шығарады.

«Протон» тасымалдаушы зымыраны 2022 жылдың басынан бері алғаш рет ұшырылады. Ол 12 қазан күні Астана уақыты бойынша 21:00-де Байқоңыр айлағынан ұшады. Оның ДМ-03 үдеткіш блогы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама