Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Апат салдарынан 2 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында көлік соқтығысып, екі жолаушы көз жұмды.
9 қазан күні сағат 10.00 шамасында Алға ауданы Тамды ауылының маңындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында 61 жастағы УАЗ Патриот автокөлігінің жүргізушісі көліктерді басып озып, қарсы келе жатқандарға кедергі келтірмесіне көз жеткізбестен, Lada Largus көлігімен соқтығысқан.
Жолдың бұл бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және арнайы белгілер мен қоршаулар орнатылған.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.