Сау жері қалмаған: Алматыда бір топ азамат полицейді ұрып-соққан
Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды
Желіде Алматыда полиция қызметкерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға 9 қазанда, түнгі сағат 00:30 шамасында «Панорама» мейрамханасының жанында болған, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгісіз адамдар Алматы қаласының полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі, полиция подполковнигі Р. Өтегеновті соққыға жыққан.
Ол «жабық бас сүйек - мидың жарақаты, мидың шайқалуы»диагнозымен №12 орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ көптеген гематома мен сынықтар да болды.
«Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қылмысты жасады деген күдікпен 5 ер адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді полиция департаменті.