Ол бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась жұмыс сапарымен Қазақстанға келе жатыр.
Бұл туралы 9 қазанда ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді.
«Сапар барысында елдің жоғары саяси және әскери басшылығымен кездесулер жоспарланған», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ бас хатшысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесу барысында Станислав Зась ҰҚШҰ-ның қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеуге көмектесуге дайын екенін айтты.