Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Джокович әлемнің 7-ракеткасы
Сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды.
«Үлкен дулыға» жарысының 21 дүркін жеңімпазы Н.Джокович финалда әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.
Сербиялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтып, өзінің үздік теннисші екендігін тағы бір дәлелдеді.
Осылайша, биыл елордада алғаш рет ATP 500 деңгейінде өткен айтулы дода мәреге жетті.
Еске салайық, Н.Джокович астана турнирінің финалына шыққанын бұған дейін жазған болатынбыз.